жастық шақ (исполнитель: kz style)
Жанымыз ән салатын, Шаттандырған әр сағатым, Қуанышпен қарсы алатын, Көз жетпес биіктерге, Төтелей жол салатын. Жүрегіміз тасқындаумен, Екпінін бастырмаумен, Табысатын дос-сырлармен, Жұлдыздай жарқылдайтын, Бұл біздің жастық дәурен. Жайнаған жұлдыздары бар арайлы түнде, Жанымыз гүлдеп, жастық күндер. Жастық шақ - айнымас адал сезім, Жастық шақ - болаттай берік төзім, Жастық шақ - арманға толы сәттер, Жастық шақ - қайталанбайтын кезің. Бақ құсы қонып тұрған, Күндіз-түні жорық құрған, Қызықтарға толып тұрған, Ең алғаш махаббатпен, Талайды жолықтырған. Ертеңге сенімді еткен, Бақытыңа қолың жеткен, Шын қуантып, көңілді еткен, Бұл кезді бағалайық, Жастық шақ - өмір көктем! Жайнаған жұлдыздары бар арайлы түнде, Жанымыз гүлдеп, жастық күндер. Жастық шақ - айнымас адал сезім, Жастық шақ - болаттай берік төзім, Жастық шақ - арманға толы сәттер, Жастық шақ - қайталанбайтын кезің. Жастық шақ - айнымас адал сезім, Жастық шақ - болаттай берік төзім, Жастық шақ - арманға толы сәттер, Жастық шақ - қайталанбайтын кезің.