Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Арманы ғой талайдың арғымағы Адайдың,
Ер қанаты ат деген жоғалған жоқ сол айбын.
Өзен-Ақтау мұнайы сарқылмасын лайым,
Абыройын бұл елдің асқақтатқан Құдайым.

Бекет Ата - Піріміз, ардақтаймыз мұны біз,
Айдындымыз Каспиймен, айбындымыз іріміз.
Қазыналы жер кені кім білмес бұл өлкені?
Бізді қорғап қолдайтын әулиелер мекені.

Ынтымағы тұрақты қыдыр қонған сияқты,
Жігіттері жүректі, арулары шуақты.
Айдыныңда қазың жүр, жүрегіңде жазың жүр,
Адайыңбыз танысаң, танымасаң өзің біл.

Басталатын тереңнен тарихы бар көнеген,
Бір Алланың қашан да мейіріміне бөленген.
Адай деген алыппыз, қайтпас қайсар халықпыз,
Жамандарға қараңғы, жақсыларға жарықпыз.

Бекет Ата - Піріміз, ардақтаймыз мұны біз,
Айдындымыз Каспиймен, айбындымыз іріміз.
Қазыналы жер кені кім білмес бұл өлкені?
Бізді қорғап қолдайтын әулиелер мекені.

Басталатын тереңнен тарихы бар көнеген,
Бір Алланың қашан да мейіріміне бөленген.
Адай деген алыппыз, қайтпас қайсар халықпыз,
Жамандарға қараңғы, жақсыларға жарықпыз.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Donovan Summer Day Reflection Song  Bella note  Dusty Springfield If You Go Away  Dusty Springfield Spooky  Dusty Springfield What Are You Doing the Rest of Your  Dusty Springfield Soft Core  Hvatit 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен