Ауру жүрек ақырын соғады жай (Жазира Казиева* (исполнитель: Асқар Сағитжан)

Ауру жүрек ақырын соғады жай,

Шаршап қалған кеудемде тулай алмай.

Кейде ыстық қан басып кетеді оны,

Дөңбекшіген түндерде тынши алмай.

Қараңғы саңырау қайғы ойды жеңген,

Еркелік пен достықты ауру көрген.

Ақылы жоқ, ары жоқ, шуылдақты

Күнде көріп, тұл бойы жиіркенген.

Тіріліп өткен күнді, тағы шөлдеп,

Осы күнді күн демес қарғап, міндеп.

Кейде тілеп бақ пенен тағы тыныштық,

Кейде қайғы, азапты тағы да іздеп

Кейде ойлайды жылауға қайғы зарын,

Тынышсыз күнде ойлаған дерттің бәрін

Кейде онысын жасырар жұрттан ұрлап,

Кетірер деп мазақтап беттің арын.

Ауру жүрек ақырын соғады жай,

Өз дертін тығып ішке, білдіре алмай,

Кейде ыстық тағы да қан басады,

Кейде бір сәт тыншығар үн шығармай.
(Абай)
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
MINECRAFT CREEPER RAP Dan Bull  For a second roma pafos  Тебе це може вбити Скай  Новый союз на месте  Life size ghosts  По дружбе найтивыход  Лесной Олень Drum  Hood Rich Anthem DJ Scream feat 2 Chainz Future Waka 
О чем песня
Асқар Сағитжан - Ауру жүрек ақырын соғады жай (Жазира Казиева*?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен