Сен жыладын . (исполнитель: М. Макатаев)
Жігерлендіру сен жыладың ,жігітім , көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын, қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым . сен жыладың, бір қатты соққы алдым деп, бақтсыз болып қалдым деп. жә, жә ,жарар , өткен күн оралар ма , қарау керек ,баурым ,саған алға . басыңдағы бөрік пе , орамал ма? көтер , кәне ,басыңды , қалай бұның , мұз боп еріп кеткен бе бар айбының ? көтер ,кәне басыңды, қалай бұның , мұз боп еріп кеткен бе бар айбының ? көтер, кәне, басыңды, күнііңді босқа өткізіп пе едің , тағдырың неге сыр айтты сараң ? өмірдің барлық сәтсіздіктерін бақытсыздық деп ,кім айтты саған? кім айтты саған . тұлпары сүрнбеиді деп, асауды мінілмеиді деп , ақ көйлекті кірлемеиді деп , қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемеиді деп ? кім айтты саған жұрттың бәрі меиірбән ,арайлы деп жұрттың бәрі шындықты қалайды деп, биікті ардақтайды деп , асылды қорлатпайды деп .. қиналып бекер алаңдадың –ау, ойыңды шығар өріске. өзің –ақ айтшы ғаламда мынау жеңудің бәрі жеңіспе ? жігітке арман жеткізіп пе еді өз сорын өзі жеңбесе . өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес, ендеше !