Кара Кыз (исполнитель: Асан Пердешев)
Кездестік біз ең алғашқы рет көктемде.
Сол көктем біздерді ғашық еткен бе?
Тұрушы — ең ұялып менің қасымда,
Жүрегімнің сырларын саған төккенде, төккенде…
<small>[kazchords.kz аккорды казахстанских песен]</small>
Тек сені сүйдім дара қызым деп, дара қызым деп…
Еркелетуші ем қара қызым деп, қара қызым деп…
Екеумізді екіге бөлді — ау..
Өмірдің мынау қара күзі кеп, қара күзі кеп !!!
Тағдырымның, тәлкегі қинап жанымды.
Сүйген жүрек сағынды сені, сағынды.
Тек қана сен, бақытты болшы өмірде
Тағдырыңнан сұраймын сенің бағыңды – ей, бағыңды…
Сен кетті десе, сенгім келмейді, сенгім келмейді.
Сені ешкімге де бергім келмейді, бергім келмейді
Махаббатымның пәктігі сен ең.
Сенсіз өмірге көнгім келмейді, көнгім келмейді.