Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Бұл дүние айналғанмен сырласыңа, Мен кепіл мәңгі-бақи тұрмасына. Бір күні Құдайыңнан хабар келсе, Шығарсың сен де құрбым «қыр басына»… Қайғырып досың түгіл, бақталасың, Кеудеңде сағат-ғұмыр тоқтағасын, Қалдырып мынау жалған дүниені, Келмеске мәңгі-бақи аттанасың… Сол жаққа аттанасың бәрі барған, Қалады көкірегіңде алып арман. Қалады аузыңда сары тісің, Қалады гаражыңда сары «Волгаң». Біреуде ақшаң қалар қарыз алған, Мұрныңды шақшаң қалар зәрі жарған. Он бөлме үйің қалар, қиын болар, Өйткені бәрі жалған, бәрі жалған… Бұл қазақ мол байлықты текке іздейді, Ақшаңды миллионға жеткіз мейлі. Сенімен бұл Құдайым о дүниеге, Сом түгіл соқыр тиын өткізбейді. Сұм ажал қайыршы емес тиын сұрар, Бір күні қу жаныңда бұйымшылар. Қорқыттар құтылмаған бұл өлімнен, Табылдың құтылуы қиын шығар… Біз түгіл құтылмаған алып Абай, Білмедім о дүниенің халі қалай? Бір кездегі Табылдың әні екен деп, Соңымнан зарлап жүрсін қалың Адай… Жігіттер, артық айтсам кінә тақпа, Батайық күліп-ойнап рақатқа. Өмірден кәрі де өтер, бәрі де өтер, Берілген өмір бізге «прокатқа»…