Жасанды айел (Алмас Темірбай) (исполнитель: Талгат Сатыбалды)

Шүлдірлеген әр тілде тілің қандай жасанды, 
Еліктеген әркімге түрің қандай жасанды, 

Алдап, арбап қарайтын көзің қандай жасанды, 
Жұртты ақымақ санайтын сөзің қандай жасанды. 

Бетіңдегі бояуды-ай, ұн жаққандай жасанды, 
Жалғап алған сояудай тырнақ қандай жасанды. 

Шашқа да шаш жалғай ма, шашың қандай жасанды, 
Шығып кеткен маңдайға қасың қандай жасанды. 

Ойлап қалдым «маска» деп, макияжың жасанды, 
Қабақ бөлек, қас бөлек, татуажың жасанды. 

Силиконмен жөнделген кеудең қандай жасанды, 
Фотошоппен өңделген бейнең қандай жасанды. 

«Коко Шанель» деп жүрген иіссуың жасанды, 
Өп-өтірік ерніңмен сүйісуің жасанды. 

Екі көзің жылтыңдап, күлгенің де жасанды, 
Екі бөксең бұлтыңдап, жүргенің де жасанды, 

Жап-жас қыздай киініп, жас болғаның жасанды, 
Еркек көрсең қиылып, мас болғаның жасанды. 

Түнде ойнақ саларсың «жігіт» тауып жасанды, 
Сосын, бала табарсың ұрықтанып жасанды. 

Көрінесің қоғамға тіптен, ерсі, жасанды, 
Бала тусаң... оған да сүт берерсің жасанды?! 

Айта берсем, әй, енді, барлығы да жасанды, 
Демек, ондай әйелдің тағдыры да жасанды... 

Әлденеге өкініп, қиналғаның жасанды, 
Өтірік қой, өтірік, ұялғаның жасанды! 

Көрсетші бір, көрсетші, қылығыңды шынайы, 
Мінезіңе жасанды... шыдай берем қашанғы???
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Dreams 2010 Electro Dj DjeM  Feels Like Rain Russ Landau  Keep This Feeling Lian Ross  Door Next Girl Boy Mix Liar  Dogs (Oliver Koletzki Remix)  Didnt Mean It Prod By Sham  The Summer Are Love(June 2011  Vnuk МАМА 
О чем песня
Талгат Сатыбалды - Жасанды айел (Алмас Темірбай)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен