Ляйлим (исполнитель: Жигиттер квартети)
Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ? Жаңа таптым аулыңды көптен сұрап. Жел тимесе жан тимес деп жүргенде, Қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ. Аққу едің таранған айдындағы, Ұштың ұзап қанатың жайдың-дағы. Көлеңкеңді көрсетпей кете бардың, Қол алысқан сертіңнен тайдың-дағы. Осылай ма еді, ей, қалқа, айтқан сертің, Жүрегімді жандырды ғашық дертің! Мұнша неге сен мені әуреледің, Болмаған соң әуелде баста еркің?!