оз дауысы (исполнитель: Мукагали Макатаев)

1) Бұлқынып жатыр. Келмейді-ау құрғыр шамасы, Бұлқынып жатыр. Таусылды-ау айла-шарасы. Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай, Бостандық берші, бостандық берші, мамасы. Тұмшалап қойдың несіне сонша қаусырып, Шандудан бөлек қалған ба шараң таусылып. Аяқ пен қолын матамай бос қой, мамасы, Кішкентай адам көрсетіп жатыр қарсылық. Қарашы мынау қабаржып жатқан пішінге, ЬІза мен ашу қайнайды келіп ішінде. Жетпей ме сол да, қойдың ғой мені арқандап Мамасы, босат, қызыма құрсау түсірме! Көкемді босат, аяқ пен қолын матама, Көтеріп жүрем, көтеріп өтем жотама. Басымды тігем. Бармақтай менің сәбиім бүлдіре қоймас... Бостандық берші ботама? Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық! Ауа мен күнге, Ай менен нұрға малшынып. Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық.

2)Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?
Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау-құсым?
Оралдың ба, тағы да өзің өскен ұяға,
Оралдың ба, сүйіктім, екеуің де бармысың?
Қарлығашым, бұ қалай, қайда кеткен серігің?
Зияны жоқ зиялым, өкпелетті сені кім?
...Түсінікті, сүйіктім, түсінікті айтпа енді,
Тұмар
құсым кеткен-ау тырнағында перінің.
(О жылы біз ауылда оңаша үйде түрғанбыз)
Жаз да өтіп барады, қарлығашым жүр жалғыз,
Көзді ашып-жұмғанша
көсеуін ап қолына
Жетіп келді бір күні жел үрлеген сырдан күз.
Ғанибет қой, шіркін-ай, шуылдасаң ұлардай,
Қиын екен жалғыздық қияда өскен шынардай,
Жалғыз қайтты сол жылы, жалғыз қайтты жыл құсы,
Жұмыртқа да таба алмай, балапан да шығармай.
Қарауытып көз алдым, қарап тұрмын досыма,
-        Қарлығашым,
қайта орал мекеніңе, шошыма.
Әжем менің күйбеңдеп, күбірдеп жүр аулада,
-        О, бәтшағар
өмір-ай, өмір дейтін осы да!..
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Nookie я улетаю  Йолдыз жыйдым  Chrono Story  Nika Lenina Black Bullet  В нашей жизни самое прекрасное  Failure Smoking Umbrellas  Лололошка  Feeling This Way Polina Griffith 
О чем песня
Мукагали Макатаев - оз дауысы?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен