Тұғыры биік шығысым (исполнитель: Ляззат Молдабекова)

Серик Молдабеков (слова и музыка)
Тұғыры биік шығысым
Құнарлы төр көрген жанға ұнайды,
Әр адамға жұмақ мекен сыңайлы.
Тарбағатай, Сауырменен жалғасқан
Өр Алтай мен қарт Шыңғысым шырайлы.

Туған жердің тарқамайды шын бағы,
Дауылы мен борандары шыңдады,
Айбынданып көкте күнмен таласқан
Таз тауы мен Мұзтауымның шыңдары.
Қайырмасы:
 Жасай бер, жаса ұлыстың төрі
Ну орман шүйгін ырысты белі,
Арманы асқақ, тұғыры биік
Шығыстың елі, Шығыстың жері
Туған жер неткен тым ыстық еді.

Шығыс жері серілердің жыр-әні,
Бойға жиған шежіре мен мұраны
Қозы-Баян, Еңлік пен Кебектей
Ғашықтарды ұлықтайды қыр әлі.

Не өтпеді жазиралы даламда-ай
Көз жүгіртсек деректерге табандай,
Ұлы төрді таптатпаған дұшпанға
Есіл ерлер Көкжал Барақ, Қабанбай.
Қайырмасы:
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Шура костарев  МСТ - Девушка  Ирина дорофеева-беларусь сильная  Je vuxe  Птица поёт  AniLyric  AniVideo 
О чем песня
Ляззат Молдабекова - Тұғыры биік шығысым?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен