Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Мен ол кезде әр адымын, еркін батыл басатын,
Айтқанынаң қайтпайтұғын, едім қайсар жас ақын.
Өз негізін алган адам сияқтанған дауылдан,
Бірде маған хабарласты, Момышұлы Бауыржан
Сәні кеткен туган тілде таусылғандай ой кені,
Біраз уақыт телефонда ол, тек орысша сойледи
Кешірініз дедім оған, ұлтсыз қазақ парықсыз
Мені орыс адамымен шатастырып алыпсыз,
Жо-жоқ деді ол, үнін сенін неге ызғарлы, неге тоң?
Мен, жас акын Шахановқа соғып тұрмын телефон,
Ал Шаханов сізше қалай айналғанба орысқа,
Әлде орыс тілділермен түскен жан ба жарысқа?
Дедімдағы қызынып, қазақтың нар перзентіне көнілім күрт бұзылып...
Сіз әр қашан елімізде ұлттық мүдде дегенде,
Дара тұлға болатынсыз, шығар дара кемелге,
Жан емессіз пайымсыздық жене алатын ақылын
Сондықтанда бұныңызды түсінбедім батырым...
Сөзіңізбен ісініздін арасы, бүгін неге екі жарым шақырым?!
Деп телефон трубкасын ызғарымнан тастадым...
Уақыт өтпей қасқағым, менін қайсар мінезіме, 
Үндемей бас шайқаған, телефоным шылдырлады қайтадан.
Кешір Мұхтар деді Бәукен, иттігіме дес берме,
Қаншама жыл тек орысша сөз құрадық әскерде,
Биліктеде орыс рухты адамдардан күш көру,
Тек сол тілде әлгілерден ойлы, ойсыз іс көру,
Орысша ойлап әр түн сайын, тек орысша түс көру,
Біз сорлыны алып келді, нақ осындай жағдайға,
Ұлтсызданған қызыметте, ұлт намысын қорлайды,
Бір сәт дұрыс ашпағанға ұлттық мүдде есігін,
Беделімді бес тыйн қылып, сұрап тұрмын кешірім,
Кешір мені, айналайын, енді мүлде өзгерем,
Қазақпенен тек қазақша сөйлесуге сөз берем,
Айтты бітті, еш күш оған бола алмайтын бөгесін,
Қазақтың өр ұлы адамы, орындады өз уәдесін,
Бұл күндері бой көтеріп кейбір өлке, қаладан,
Рухсызға найзы іспетті атылып,
Жұртты сана биігіне шакырып,
Ескерткіш боп шырқау көктен, қол бұлғап тұр сол адам,
Ия, ұлы тұлғаның да, осал тұсы болады, қателігін бірақ батыл мойыңдау,
Қателігін қатал шыңдық биігінде пайымдау,
Сол тұлғаның қайталаңбас женісі боп қалады.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Ышандыр  Анди я нарисую  Big-beat  Ты мне напишешь что по мне скучаешь  Повелитель Jackie-O  Увели нашу подружку  Малышка крутышка  Розовой 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен