Сен жыладын (исполнитель: Мухтар Шаханов)
Сен жыладың, жігітім, Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын, Қайтпады деп, Жұртқа еткен жақсылығың. Сен жыладың, Бір қатты соққы алдым деп, Бақытсыз болып қалдым деп. Жә, жә, жарар, Өткен күн оралар ма, Қарау керек, бауырым, саған алға, Басыңдағы бөрік пе, орамал ма? Көтер қане басыңды, қалай бұның?! Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?! Көтер қане басыңды! Күніңді босқа өткізіп пе едің? Тағдыр неге сыр айтты сары-ау, Өмірдің барлық сәтсіздіктерін Бақытсыздық - деп кім айтты саған?! Кім айтты саған?! Тұлпарды сүрінбейді деп, Асауды мінілмейді деп, Ақ көйлек кірлемейді деп, Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп. Кім айтты саған?! Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп, Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп, Биікті ардақтайды, асылды қорлатпайды деп. Қиналып бекер алаңдадың-ау, Ойыңды шығар өріске! Өзің-ақ айтшы, ғаламда мынау, Жеңудің бәрі жеңіс пе? Жігітке арман жеткізіп пе еді, Өз сорын өзі жеңбесе. Өмірдің барлық сәтсіздіктері Бақытсыздық емес, ендеше.