Жырымның басты кейіпкерісің (исполнитель: Нургиса Курманбай)
Лүпілдеп соққан жүрегім сенсің, Төлеген болсам Жібегім сенсің. Түсінші мені күй-әнім сенсің Болсам мен Қозы-Баяным сенсің. Арайлы ай-күн, ай-жұлдыз сенсің, Мен ғашық Мәжнүн Ләйлі қыз сенсің. Сенсіз күн жоқтай арманым сенсің, Болайын Естай Қорланым сенсің. Шын сүйген қосылмай ма? Кез болсаң осындайға. Кімге біз ренжиміз? Бұл деген тосын жай ма? Мөлдіреп көз жанарым, Ей, жүрек, үн қатпадың. Бақытсыз болам ба деп, Түнімді мұң қаптады. Сымбатты сарай қорғаным сенсің, Мен ақын Абай Тоғжаным сенсің. Қанатты қақшы биікке құсым. ЖЫРЫМНЫҢ БАСТЫ КЕЙІПКЕРІСІҢ!