Үш Дос [ "Елден - Ерекше" - КАЗАКИ ЖОБА ] (исполнитель: Жақау)

Бір дос бар, дос болады мұрыныңнан қан шыққанша,
Бір дос бар, дос болады қораңнан мал шыққанша.
Осындай достардан келесі дос артық,
Бір дос бар, дос болады кеудеңнен жан шыққанша.

Бір дос бар, ренжіскенде кім екені байқалатын,
Сондай дос әр уақытта қиянатқа жақын.
Керек десең, орынды әзіліңді көтермейді,
Сөйте тұра үстіңнен әзілдеп сөз сөйлейді.
Бетке күліп тұрса да көрсетеді өз мінезін,
Алу үшін кім-кімнен де өзінің үлесін.
Дау туса арада, досыңның ішін білесің,
Дос емес, қас екенін жәй жәйдан түсінесің.
Әрине уақыт керек адамның сырын ұққанша,
Қас деуге де болмайды достарыңды барша.
Бір дос бар, жау санайды ұрғылап жерге жыққанда,
Сені дос санамайды, мұрыныңнан қан шыққанда.

Бір дос бар, дос болады мұрыныңнан қан шыққанша,
Бір дос бар, дос болады қораңнан мал шыққанша.
Осындай достардан келесі дос артық,
Бір дос бар, дос болады кеудеңнен жан шыққанша.

Бір дос бар, ақшаң болса кім екені байқалатын,
Сондай дос әр уақытта байлыққа жақын.
Керек болса қаражат, келеді ақша сұрап,
Саған ақша керек кезде бермейді бірақ.
Берсе де жылап, артыңнан қалмайды,
Қалтаң ақшаға толы болса алдайды, жалмайды.
Пайдаланбай қоймайды, ұнатады сондайды,
Ондай дос өмірде ақыр түбі оңбайды.
Азғырып арбайды, сөзге өтірік жалғайды,
Жесе де қанағат жоқ, қолыңа салмайды.
Қасыңда болмайды, кедейлігіңді ұққанда,
Сені дос санамайды қораңнан мал шыққанда.

Бір дос бар, дос болады мұрыныңнан қан шыққанша,
Бір дос бар, дос болады қораңнан мал шыққанша.
Осындай достардан келесі дос артық,
Бір дос бар, дос болады кеудеңнен жан шыққанша.

Бір дос бар, сынақтарда кім екені байқалатын,
Сондай дос әр уақытта көмекке жақын.
Керек болса ішкен асын сен дегенде жерге қояд,
Сен үшін жан беріп, сен үшін де жейді таяқ.
Сені аяп су тамызар сен ауырып шөлдегенде,
Әрдайым жаныңда қарамай күнмен түнге.
Сол дос қарамайды кедейсің бе? Байсың ба?
Осындай дос айтыңдаршы кімде бар? Қайсыңда?
Осы дос жақынырақ келініңмен ағаңнан да,
Сенде сондай дос болса, оларды бағалаңдар.
Сенімен бөліседі тағдыр тырнап у жұтқанда,
Ондай достан айырыласың тек кеудеңнен жан шыққанда.

Бір дос бар, дос болады мұрыныңнан қан шыққанша,
Бір дос бар, дос болады қораңнан мал шыққанша.
Осындай достардан келесі дос артық,
Бір дос бар, дос болады кеудеңнен жан шыққанша.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
3 am Eminem  Его свадьба  Маленькая ночная серенада  International Love  Buffalo springfield broken arrow  Mac miller blue slide park  Мама это я 
О чем песня
Жақау - Үш Дос [ "Елден - Ерекше" - КАЗАКИ ЖОБА ]?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен