Кыз сезими (исполнитель: Гаухар Алимбекова)
ҚЫЗ СЕЗIМI Әнi мен өлеңi: Гауһар Әлiмбекова. Қабағыма қар жауар сен болмасаң, Өмiрiме нұр жауар сен қолдасаң. Бақытымның шегi болмас едi-ау Үлбiреген үмiттi сен жалғасаң. Қайырмасы: Жазармысың жүректiң мұң-жарасын, Ертелi-кеш ойыма ораласың. Қыз жүрегiн жеткiзу қиын екен, Шыр айналып қалғандай саған басым. Қаракөзге қарашы қасыңдағы, Ғашықтығымды көзiм жасырмады. Жұмбағын сол көздердiң шешсең, жаным, Бақытымның есiгi ашылғаны. Қайырмасы. Алып-ұшып жүрегiм, алаңдаймын. Затым нәзiк болған соң, бара алмаймын. Тынысымды тарылтпай, келсеңшi өзiң, Бақ келгенде бас тартып қала алмаймын.