Жазыгым не (исполнитель: Гаухар Алимбекова)
ЖАЗЫҒЫМ НЕ? Әнi: Гауһар Әлiмбекова. Өлеңi: Сабырхан Асанов. 1. Жазығым не, өзiңдi сүйгенiм бе? Сүйгенiм бе, отыңа күйгенiм бе? Жүрегiңнiң жұрт ұқпас сырын ұғып, 2 рет Ешкiмге айтпай iшiме түйгенiм бе? Қайырмасы: Жазығым не, менi әлi түсiнбеймiн, Бар ма әлде жазған бiр iсiм деймiн. өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ, 2 рет өтiп жатыр бұлдырап түсiмдей күн. 2. Жазығым не, айтқанда бұлақ әнiн, Күлгенiн айыра алмай, жылағанын. Бар дүниенi ұмытып сенен басқа, 2 рет Қалжырап кеп қасыңа құлағаным... 3. Күндер өтер жарқырап таң атқанда, Бiтедi-ау бұл азапты сағаттар да. Күнмен бiрге келер-ау қалқам менiң, 2 рет Бiрақ соны тосуға тағат бар ма?