Қош бол сүйгенім (исполнитель: Eagle a.k.a Jurekten)

Мен сені сүйіп едім, енді сүймеспін ешқашан
Бірақ та ойлап жүремін жаным сені арқашан
Сезімімді арнап едім, тек сені сүйемін дедім
Бірақ та сен менсінбедің, неліктен олай істедің

Есімде менің сенімен ең алғаш танысқаным
Есімде менің сен үшін талай рет таласқаным
Сан талай түндер ұйықтамай сені мен аңсағанмын
Тас жүрек суық екенсің жүректі жараладың

Ал енді маған не дейсің бәрібір сүйемін мен
Әрқашан ойлап өтемін лүпілдеген жүрегіммен
Қанша сені аңсасам да сен мендік емессің жан
Мен саған керек емеспін қасыңда жігітің бар

Амал қанша көнемін, жүріп кеттің досыммен
Қанша қатал болмасаң да нұр шашасың көзіңмен
Кетіп қалдың сен солай, ғайып болды сезімдер
Енді олай қиналмаспын өз-өзіме сөз берем

Қайырмасы:
Қош бол сүйгенім
Өмірімнің мәні едің
Жараладың жүрегімді
Бақыты өзгенің

Міне енді бақыттысың сүйіктіңнің арқасында
Қанша сен онымен боласың, шындығыңды айтасың ба?
Біздің енді арамызда жүздеп жатқан шақырымдар
Қуанамын кеткеніңе сен сияқты жақынымның

Жауап берші бір сұрағыма неліктен олай істедің?
Сол істеген қылығыңмен не нәрсені дәлелдедің?
Агентпенен танысқан қыз міне агентпен кеттің
Уақыт өте жадымнан да мәңгілікке өшесің

Еш нәрсеге өкінбеймін саған да бақыт тілеймін
Мен бақытты іздемеймін ол мені өзі іздейді
Досымды да менсінбеймін кетсеңдер де өліп мейлі
Жүрегім де жеңілмейді басқа бір қызды тілейді

Бірақта енді білемін, қателікті түсінемін
Не болмасын ұмытпашы тағы айтып күрсінемін
Бақытты болған сәттерге алғысымды білдіремін
Ең соңғы осы сөзіммен жүрегіңді жіберемін

Қайырмасы:
Қош бол сүйгенім
Өмірімнің мәні едің
Жараладың жүрегімді
Бақыты өзгенің

Шындыққа келер болсақ мен сені сүйдім расында
Армандағам өмір бойы болсаң екен деп қасымда
Қайран сүйген арманым, болдың енді жалған
Өзіңсіз мен өмірге бастаймын жаңа қадам

Түсінгенім сенімен босқадан кетті уақыт
Өзіңе мен тілеймін қиын болса да бақыт
Енді міне таңдадым өзіме дұрыс бағыт
Өмірім енді кетпейді бостан босқа ағып

Мүмкін жүрегім соқыр, осының бәрін көрмедім
Соңында осы боларын қалайша мен сезбедім
Енді бәрі басқаша өзіңсіз қатты өзгердім
Бәрібір кетпеді естен сұлу мөлдір көздерің

Бәлкім сенікі дұрыс деп солай ойлайсың ба?
Махаббатпен ойнағанды ойланып қоймайсың ба
Бүгін мені жараладың, ертең мүмкін оны
Бақытты бол сүйгенім осымен сезім соңы

Қайырмасы:
Қош бол сүйгенім
Өмірімнің мәні едің
Жараладың жүрегімді
Бақыты өзгенің
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Superstar Big Time Rush  Beatsteaks Hail To The Freaks  Вмете  John Mayer Why Georgia  Beatsteaks Automatic  Адреса  Чаян Фамали Летай 
О чем песня
Eagle a.k.a Jurekten - Қош бол сүйгенім?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен