Ұмыттың ба [.com/adaistan05] (исполнитель: Ернар Айдар)

Ернар Айдар - Ұмыттың ба

Арманыма неге қостың,
Саған дұшпан, саған доспын.
Гүлдерiңнен қызыл-қызыл,
Жолдарыңда неге тостың.
Мына жүрек тiл алмайды,
Сенi есiнен шығармайды.
Қайда десем мекенiңдi,
Аң да, құс та бiле алмайды.

Ұмыттың ба?
Ұмыттың ба сен менi.
Өмiр бәрiн,
Уақыт бәрiн емдедi.
Үмiт жүгiн артып келем,
Оралсаңшы қорқып келем.
Сенi өзгеден артық көрем,
Бiлмеймiн.
Арамызға жылдар салып,
Жолсыздарға жолдар салып,
Мен өзiңдi бұл күндерi iздеп келем.

Бiр қарашы толған айға,
Саған бiр ой сыйламай ма.
Бiр күндерi көктем келiп,
Жүрегiңдi қинамай ма.
Аңдап баспай абайламай,
Жан-дүниемнiң тоналғаны-ай.
Ендi ұмыта бергенiмде,
Құстардың да оралғаны-ай.

Ұмыттың ба?
Ұмыттың ба сен менi.
Өмiр бәрiн,
Уақыт бәрiн емдедi.
Үмiт жүгiн артып келем,
Оралсаңшы қорқып келем.
Сенi өзгеден артық көрем,
Бiлмеймiн.
Арамызға жылдар салып,
Жолсыздарға жолдар салып,
Мен өзiңдi бұл күндерi iздеп келем. (2х)
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Reach VIP Tantrum Desire  Держи Меня За Руку DJ Melnikoff ft DJ  Zoetrope Amnesia Yanagi Nagi  Зима Total  Ame Kimi wo Tsurete EGOIST  Steven Jo - Baby Mama  День стал теплей  Totemo itai ita garitai 
О чем песня
Ернар Айдар - Ұмыттың ба [.com/adaistan05]?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен