Ауылым анi (исполнитель: Макпал Диханбаева)
Қайда жүрсем, туған жерім, Сен есімнен шығармысың! Жастық дәурен құрған жерім, Көз алдымда тұрармысың! Ғашық едім қыр гүліне, Қызық-тойым сенде өтеді. Сенде өткізген бір күніме, Дүниеде не жетеді! Сүйем таныс жолдарыңды, Саған бастап әкелетін. Сүйем жасыл талдарыңды, Жанға ләззат әперетін. Сүйем айна көлдеріңді, Мөлдіреумен қарайтұғын. Сүйем белес-белдеріңді, Таң сәулесі тарайтұғын. Саған жырдан - сый арнағам, Қиял құсын қуған жерім. Туған жерін сүйе алмаған, Сүйе алар ма туған елін! Ауылымнан аттанарда, Алтын аймақ ән салады. Жол тынымсыз тартқан алға, Жүрегімді нұр шалады...