құрбыма (исполнитель: Мәдина Садвакасова & Қарақат Әбілдина)
Биік таудың басында бал қарағай-ай, Аулым көшіп барады көл жағалай Ау,құрбым, Жолы қиын жұмбақ тағдырдың. Көшіп аулың кеткенде таудан асып-ай, Болар екен тағдырың әлдеқалай?.. Ау,құрбым, Қимасыңды қайда қалдырдың? Ахау,қимасыңды,қимасыңды-ай ау,құрбым, Қимасыңды қайда қалдырдың? Көшкен бұлттай ауылың бел асқанда-ай, Жарқырасын жұлдызың көк аспанда Ау,құрбым, Жолы қиын жұмбақ тағдырдың. Биік таудың тұманы қалың келер-ай, Тап болғайсың сен іздеп адасқанда-ай Ау,құрбым, қимасыңды қайда қалдырдың? Ахау,қимасыңды,қимасыңды-ай ау,құрбым, Қимасыңды қайда қалдырдың? Ахау,жолы қиын,жолы қиын,ау,құрбым, Жолы қиын жұмбақ тағдырдың. Жанымда бол,жанымда бол,бол жанымда, Ау,құрбым, Тар жолында жұмбақ тағдырдың, Қанатында қалқып ән- жырдың.