Suidim seni (исполнитель: MuzArt)
Мен Қазақпын [bad word] [bad word] men_qazaqpyn (Нағыз ұлтжандылар отауы) Махаббат мәңгі көктем, әні дастан, Жалынды жүректерді тәңір қосқан. Аяулы арманымды аңсағанда, Көңілдің көгершіні алып ұшқан. Құралай көздеріңнен сыр ұққандай, Жанарың жүрегімді жылытқандай. Жарқ етсең жарты әлемге боламын мен, Есіміңді ұмытқандай. Қайырмасы: Сүйдім сені еркем бағымсың ба? Атыңды айтып жетер әнім шыңға. Аққуын айдын-көлі қарсы алғандай, Көрген жан тілге келмей тамсанғандай. Сен жүрсең, бақта қайың билегендей, Сен күлсең, бақта құстар ән салғандай. Таң күліп алма жүзің арайланған, Мәңгілік бақытына балайды арман. Күн шықса Алатаудан мен деп ойла, Көз алмай, еркем, қарай қалған. Қайырмасы: Сүйдім сені еркем бағымсың ба? Атыңды айтып жетер әнім шыңға. Тыңдадым дауысыңды бұлақтардан, Шыңдарым қолым жетпес қуатты арман. Еліткен еліктейін еркелігің, Әніңдей қайталанбас ұнап қалған. Білмеймін қайта айналып келесің бе? Әйтеуір өзің ғана әлі есімде. Бір болса тілегіміз, жүрегіміз, Бақытым сол елесіңде. Қайырмасы: Сүйдім сені еркем бағымсың ба? Атыңды айтып жетер әнім шыңға.