Менің өмірім (ft. Maximum, ReeGa) (исполнитель: ШYNGYS)

1-куплет: ШYNGYS
Құдайым жасашы пендеге рақымшылық,
Есімде жоқ соңғы рет жасағаным жақсылық.
Шындыққа келсек, менде тобырдың бірімін,
Түбіне батпайын деп жүрген өмір-өзеннің.
Бәрібір! Толы зал немесе толы емес,
Бәрібір! Бейбітшілік немесе төбелес.
Бәрібір! Күл болған жаным менің өртенбес.
Өткеніме өкініш – мәңгі жоғалған елес.
Қара жерді басып келем Баба сүйегін таптап,
Үміт бермейді молда құранды алған жаттап.
Бәріміздің мақсатымыз байлық пен табыс,
Уақытша бейбітшілік үшін мәңгілік соғыс.
Әулие әкей, мүмкін сен берерсің ақиқаты,
Күнәһармын орындамас Құдай қойған талапты.
Жаным таза, бірақ қолым лас,
Адамзат – дұшпаным, майданда жалғыз сарбаз.
Бүгін Алматы тұманды менің болашағымдай,
Естелік құрбаны тарихын ұмыта алмай.
Рухани аштық пен тәни аштықты мен білем,
Құтқарам әлемді жамандық толы жақсылықпен!

2-куплет: Maximum
Жақын болмасамда мен лириканы шығаруға,
Бірақ шештім не болсада осы шумақты жазуға.
Тыңдарманыма жаяйын басымдағы ойларымды,
Періштем деп ойлаған қыз жүрегімді жаралады.
Мен оны сүйдім өлердей, ал ол сенбеді маған,
Мұзға айналды жүрегім лаулаған оттай жанған.
Басқа біреумен көргенде өз көзіме сенбедім,
Мүмкін оныкіндей жоқ менде қымбат көлігім.
Бірақ жүрегім бар менің, ал оған білем бәрібір,
Неге бәрі маған қарсы, жауап берші, Тәңірім?
Өмір деген өзеннің ағысына қарсы шықтым,
Ағысы қатты екен, бата жаздап сан тұншықтым.
Бірақ мен берілмедім өз айтқаныммен істедім,
Көп жерлерде қателестім сол үшінде өкінемін.
Шын айтсам шаршадым мен тағдырмен шайқасудан,
Бәрін бастағым келеді менің қайта басынан.

3-куплет: ReeGa
Менің өмірім сендерге үлкен құпия,
Сезімім тасып жатыр тасығандай дария.
Менің қалам қатігез болуға үйретті,
Қолдашы құлыңды, Қудайым құдіретті. 
Махаббат үшін нағыз жігіт еш жыламайды,
Рухым мәңгілік қамал ешқашан құламайды.
Ол мені тастап кетіп алыстан қолын бұлғады, 
Бақытыма баласамда ол бақытым бола алмады.
Анашым, кешір мені, мен жақсы ұл емеспін,
Сенің көз жасыңды көрмеуге қатты тырыстым.
Сен үшін жәй Решат, басқаға жұлдыз ReeGa,
Егер шынайы мен сүймесем жүрегім өлмей ма?

Қайырмасы:
Бұл менің өмірім! My life!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Vini!vidi!vichi!  Саша шепс  Nora Bumbiere  1 опенинг атака титанов  NiceVi я не плачу  Тбили и Жека Кто ТАМ - Отражение  Kaney west- mercy  Аниме когда плачут цикады 
О чем песня
ШYNGYS - Менің өмірім (ft. Maximum, ReeGa)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен