Дудар-ай ???? (исполнитель: Мадина Садуакасова)

Мариям Жагор деген орыс қызы,
Он алты, он жетiге келген кезi,
Қазаққа Дудар деген ғашық болып,
Сондағы Мәриямның айтқан сөзi!

Қайырмасы:
Дударари-дудым,
Бiр сен үшiн тудым!
Шiркiн-ай, Дудара-ри-дудым!
Дудар-ай, ақ боз атты жемдедiң бе,
Жерiңе уағда айтқан келмедiң бе.
Жерiңе уағда айтқан келмей қалып,
Мәриям заты орыс деп
сенбедiң бе?

Ащыкөл, Тущыкөлдiң арасы бiр,
Басыңа кәмшат бөрiк жарасып жүр
Дудар-ай, келер болсаң тезiрек кел,
Орныңа өңкей жаман таласып жүр.

Қайырмасы.
Қолында Мәриямның өткiр қайшы,
Қағазға Мәриям аты жазылсайшы.
Қор болып бiр жаманға кеткенiмше,
Алдымнан қазулы көр табылсайшы!

Сөзі мен әні: Мариям Жагорқызынікі

Мариям Жагорқызы (Рыкина Мария Егоровна) (1887 - 1950). Мария бұрынғы Целиноград облысындағы Қорғалжын ауданында туған. Халық өнерпазы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Оның бұл әні дәстүрлі қазақ әндерімен тамырлас, өзектес бола тұра ешбіріне ұқсамайтын мақам, дара мәнермен өрілген әуезді дыбыстар үйлесімі адамның жан сезімі иіріміне бағындырылған, кең тынысқа, асқақ дауысқа құрылған бірегей туынды.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Luciana Vaona - Love and Pet  Бойня HMR  Bitte Spitte 2012 DoN-A GineX  Camo and Krooked - Get Dirty  Chanaparh Undo feat A Chilla  Stevie Stone Aint Playin Round  Холод gnine  Berlins most wanted-weg eines kriegers 
О чем песня
Мадина Садуакасова - Дудар-ай ?????
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен