Сенiң көзің (new version) (исполнитель: Музарт)

Музарт - Сенің Көзің

Сөздері:
Сенің көзің түпсіз терең
Тұңғиықтан жаралған
Сонда жатыр менде жүрген
Орындалмас бар арман

Қайырмасы – 2p:

Сенің жүзің көкте күннен
Жерде гүлден нәр алған
Шашың сенің жан баспаған
Жапандағы қара орман

Қас-кірпігің қарлығаштың
Қанатындай қап-қара
Үлбіреген жүзің сенің
Ақ жібекпе мақта ма

Қайырмасы – 2p:

Әсем басың әп-әдемі
Мүсініңе шақ қана
Шиедейін еріндерің
Қызарып тұр шоқтана

Толықсыған тұла бойың
Шыбық па екен тал ма екен
Бейнең сенің баяу атқан
Жазғы шұғыла таң ба екен

Қайырмасы – 2p:

Күлкің сенің шашылған нұр
Сөзің кәусар бал ма екен
Бұл ғаламда сенен асқан
Сірә біреу бар ма екен
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Сугир  Мерекеем Акерке и Исламханов Бакытжан  Ramshtime  Илнар Сэйфиев 
О чем песня
Музарт - Сенiң көзің (new version)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен